Астанада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда 2018 жылға арналған тәуекелдер картасы мен регистрі бекітілді.

Карта – Қордың жұмысында кездесуі мүмкін делінген тәуекелдердің көрнекі схемасы. Ол әрбір тәуекелдің маңызын бағамдап, басқару шараларын әзірлеуді қажет ететін қауіпті тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік береді.

«Тәуекелдерді басқару – корпоративтік бақылау жүйесіндегі негізгі компоненттердің бірі. Біз мұны жақсы түсінеміз. Сонымен қатар, біз Қордың алға қойған стратегиялық және операциялық мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін оқиғалардың алдын алуға мүдделіміз. Осы тұрғыдан алғанда, тәуекелдер картасы МСҚ-ның беделі мен қаржылық тұрақтылығына жағымсыз әсер ететін тәуекелдерді дер кезінде анықтап, қауіп-қатер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді қордың басқарма төрағасы Елена Бахмутова.

Естеріңізге сала кетсек, қордың Тәуекелдер картасы мен регистрі жыл сайын бекітіліп отырады.

Қор Тәуекелдерді басқару саясаты, Тәуекелдерді идентификациялау және бағалау ережесі, биылғы жылға арналған тәуекелдер картасы мен регистрі сынды құжаттарды қабылдады. Олардың бәрі ең үздік деген корпоративтік тәжірибеге сүйене отырып әзірленген. Атап айтқанда, Саясатта Қор алдындағы тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру тәсілдері, тәуекелдерді басқару және ақпарат алмасу процесінің сатылары, мониторинг жүргізу механизмдері баяндалған. 

Тәуекелдерді жүйелі түрде және кәсіби деңгейде басқару – ұйымды басқару процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол жұмыстың тиімділігін арттырып, операциялық қызмет барысында туындайтын шығындарды қысқартады.

Отырыс барысында Қордың 2017 жылдың III тоқсанындағы тәуекелдеріне қатысты есебі бекітілді. Тәуекелдер жөніндегі есеп тоқсан сайын бекітіледі. Сондай-ақ, жиында Қор қызметіне қатысты өзге де мәселелер талқыланды.

22.11.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу